Ақпарат » Страница 2 » Бірлік негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бірлік негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 23-1-29
Есепші бөлімі:
+7(72339) 23-1-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әдебиет әлемінде көктем самалы
28
март
2025
Әдебиет әлемінде көктем самалы
"Әдебиет әлемінде көктем самалы" іс-шараны аясында көктемгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын тиімді өткізу үшін оқушылар үйден әдеби кітаптарды оқуда. Мақсаты: Оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көңілді көктемгі демалыс
28
март
2025
Көңілді көктемгі демалыс
Көктемгі демалыс уақытында 1-сынып оқушысы Сарбасова Адия отбасы мүшелерімен бірге циркке барды. Ол ерекше акробатикалық қойылымдарды тамашалап, көңілді клоундардың өнерін қызықтады. Сонымен қатар, жануарлардың қатысуымен өткен шоу да оған ерекше әсер қалдырды. Демалысын қызықты әрі көңілді өткізген Адия цирктен ұмытылмас әсер алып қайтты. Көктемгі демалыс уақытында мектепалды даярлық сынып оқушысы Досқан Батыр ата-анасымен бірге циркке барды. Ол сиқыршылардың таңғажайып қойылымдарын тамашалап,
“Құстар – біздің досымыз” атты ақпараттық сағаты
28
март
2025
“Құстар – біздің досымыз” атты ақпараттық сағаты
“Жасыл клуб” аясында “Құстар – біздің досымыз” атты ақпараттық сағат өтті. Құстар – табиғаттың керемет тіршілік иелері. Олар қоршаған ортаға сән беріп, әсем дауыстарымен жанымызды жадыратады. Анам әрдайым маған құстарға қамқор болып, оларды қорғау керектігін үйретеді. Құстардың кейбірі күзде күн салқындағанда жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта оралады. Ал кейбірі адамдарға жақын болып, қысы-жазы бізбен бірге тіршілік етеді. Мысалы, қарлығаш – адамның нағыз досы. Ол ұясын үйдің шатырына
"Жүректен жүрекке" акциясы
28
март
2025
"Жүректен жүрекке" акциясы
Біздің мектебімізде өтіп жатқан "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы аясында мектебіміздің 1990 жылғы түлектері 2 комплект шаңғы сыйға тартты. Бұл игі іс оқушылардың спортпен айналысуына мүмкіндік беріп, олардың армандарын орындауға жасалған үлкен қадам болды. Осындай қайырымдылық шаралары оқушыларға шабыт беріп, мейірімділік пен қамқорлықтың маңыздылығын көрсетеді. Мектеп түлектерінің бұл үлесі жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ықпал етеді.
"Жүректен жүрекке" акциясы
28
март
2025
"Жүректен жүрекке" акциясы
"Жүректен жүрекке" акциясы аясында информатика пәні мұғалімі Имошкен Гүлнұр 6-сынып оқушысына қыстық куртка сыйлады. Біздің мектебімізде өтіп жатқан "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы аясында жүрек жылытатын оқиға орын алды. Информатика пәнінің мұғалімі Гүлнұр Имошкен 6-сынып оқушысына қыстық куртка сыйлап, оған ерекше қамқорлық көрсетті. Бұл игі іс мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтып, мектеп қауымдастығында мейірімділік пен қолдаудың маңыздылығын көрсетті. "Жүректен жүрекке"
Жаныңда жүр жақсы адам
28
март
2025
Жаныңда жүр жақсы адам
"Жаныңда жүр жақсы адам" атты тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар жақсы адамның қасиеттері туралы пікір алмасты, өмірден алынған өнегелі оқиғалармен бөлісті. Жақсылық жасау, мейірімділік пен қайырымдылықтың маңыздылығы талқыланып, арнайы көріністер қойылды. Мақсаты: Оқушыларға айналасындағы жақсы адамдардың өмір жолын үлгі ету, олардың адамгершілік қасиеттерін насихаттау, жақсылық жасауға, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Мектебімізде "Екі Жұлдыз" сайысы жоғары деңгейде өтті
28
март
2025
Мектебімізде "Екі Жұлдыз" сайысы жоғары деңгейде өтті
Мектебімізде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру жоспары негізінде "Екі Жұлдыз" сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – ұстаз бен оқушы, ата-ана мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс пен ынтымақтастықты нығайту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайысқа мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән айту, би билеу, сахналық қойылымдар көрсету секілді түрлі өнер түрлері ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Үстел теннисінен аудандық турнир
28
март
2025
Үстел теннисінен аудандық турнир
Ауған соғысында қаза болған интернационалист-жауынгерлер Рыспаев Бадилбек Зарыкпаевичті, Самат Женісқановты, Серік Лұқпановты еске алу мақсатында аудан мектептері арасында дәстүрлі  үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Турнирде Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Ақсартов Серік Алтынбекович, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кизатаев Канат Муханович және де ауған соғысының ардагерлері, Бірлік ауылының мешітінің имамы Нұрлан қажы және де Бадилбек Зарыкпаевичтің туған  қарындастары
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады
26
март
2025
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады ✍🏻 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап. 🏫 ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада
Мекен жайымыз
071213, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі, Бірлік ауылы, Төле би көшесі, 6 үй

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru