Мектебімізде "Екі Жұлдыз" сайысы жоғары деңгейде өтті » Бірлік негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бірлік негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 23-1-29
Есепші бөлімі:
+7(72339) 23-1-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде "Екі Жұлдыз" сайысы жоғары деңгейде өтті
28
март
2025

Мектебімізде "Екі Жұлдыз" сайысы жоғары деңгейде өтті

Мектебімізде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру жоспары негізінде "Екі Жұлдыз" сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – ұстаз бен оқушы, ата-ана мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс пен ынтымақтастықты нығайту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сайысқа мектеп мұғалімдері, ата-аналар мен оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Ән айту, би билеу, сахналық қойылымдар көрсету секілді түрлі өнер түрлері ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Шараның әділқазылар алқасы ретінде мәдениет қызметкерлері төрелік етіп, қатысушылардың өнерін әділ бағалады. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, үздік өнер көрсеткендерге сый-сияпаттар берілді. Бұл іс-шара мектеп өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі болып, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!






Мекен жайымыз
071213, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі, Бірлік ауылы, Төле би көшесі, 6 үй

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru