28
март
2025
Үстел теннисінен аудандық турнир
Ауған соғысында қаза болған интернационалист-жауынгерлер Рыспаев Бадилбек Зарыкпаевичті, Самат Женісқановты, Серік Лұқпановты еске алу мақсатында аудан мектептері арасында дәстүрлі үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Турнирде Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Ақсартов Серік Алтынбекович, Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кизатаев Канат Муханович және де ауған соғысының ардагерлері, Бірлік ауылының мешітінің имамы Нұрлан қажы және де Бадилбек Зарыкпаевичтің туған қарындастары қонақта болды. Турнирге аудан көлеміндегі мектептер қатысып, турнир қорытындысы бойынша Барақ батыр негізгі орта мектебі жүлделі 1-орын, Бірлік негізгі орта мектебі жүлделі 2-орын, Бурабай орта мектебі жүлделі 3-орынды қанжығалады. Осы турнирде жүлделі орындарға ие болған және де барлық спортшылар ақшалай сыйлықтарға ие болды. Барлық турнирге қатысып жүлделі орындарға ие болған спортшыларды құттықтаймыз!Алар асуларымыз көп болсын!Ауған соғысында қаза болған жауынгердің туыстарына қолдау көрсетіп, турнирге қатысқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Сіздердің осы игі ісіңіз – ерлік пен батырлықтың ұмытылмайтынының айғағы. Қайсар рухты батырларымыздың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады. Осындай шараларға белсенді қатысып, құрмет көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!






