Бірлік негізгі орта мектебінде Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті » Бірлік негізгі орта мектебі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің
«Бірлік негізгі орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72339) 23-1-29
Есепші бөлімі:
+7(72339) 23-1-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлік негізгі орта мектебінде Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті
14
апрель
2025

Бірлік негізгі орта мектебінде Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті

Бірлік негізгі орта мектебінде Күршім аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция майоры Айдарханов Еркін Базарбекұлы, сондай-ақ ЖПҚБ КТИ жедел уәкілі, учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Айдарханов Алмас қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәртіп сақшылары оқушыларға интернет алаяқтығының қауіптілігі, оның негізгі түрлері және құрбанына айналмаудың жолдары туралы түсіндірді. Сонымен қатар, буллинг пен мектептегі зорлық-зомбылық, көшедегі қауіпсіздік ережелері және құқық қорғау органдарының көмегіне қалай жүгіну керек деген маңызды тақырыптар қозғалды.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында құқық қорғау мамандары жасөспірімдерге заңға бағыну, тәртіп сақтау, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білу маңызды екенін ерекше атап өтті.

Осындай кездесулер мектеп оқушыларының құқықтық білімін арттыруға және олардың қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді.



Мекен жайымыз
071213, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Сарыөлең ауылдық округі, Бірлік ауылы, Төле би көшесі, 6 үй

©2016-2023, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдау "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru